Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үйінде ұлттық киіммен жүрген Тұрсынбек Қабатовтың жары жұртты сүйсінтті

Опубликовано:

Үйінде ұлттық киіммен бесік тербетіп отырған Тұрсынбек Қабатовтың жары көпшілікті таң қалдырды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мөлдір Мұқанова. Фото: Әзілкештің жұбайының парақшасынан. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Мөлдір Мұқанова. Фото: Әзілкештің жұбайының парақшасынан. Коллаж: KAZ.NUR.KZі: Instagram
"Әр шаңырақта іңгәлаған бөпенің қоңыр дауысы, сәбидің xош иісі, ананың әлди әні бола берсін! Райымбек баламыз раxаттанып ұйықтайды", - деп жазды әзілкештің жұбайы.

Ал желі қолданушылары ұлттық нақышта киім киіп, басынан орамалын тастамаған кейіпте бесік тербеткен Мұқановаға ризашылығын білдірді.

"Өте керемет", "Қандай әдемі көрініс", "Бақытты болыңыз, Мөлдір", "Нағыз қазақтың сұлу келіні", "Райымбектің соңынан тағы бір батыр дүниеге келсін".

"Балаңның дені сау, ғұмыры ұзақ болсын", "Көрпешелерге дейін керемет болып тұр", "Бесік тербеткен анадан асқан сұлу жан бар ма?" деп жазды желідегілер.

Естеріңізге сала кетейік, күні кеше Тұрсынбек Қабатов жұбайына себепсіз құшақ тола гүл сыйлап, қуанышқа кенелткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1805309-jinde-lttyk-kiimmen-zrgen-trsynbek-kabatovty-zary-zrtty-sjsintti/

pixel