Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қымбат көліктің үстінде отырған Ерке Есмахан қуанышты жаңалығымен бөлісті (фото)

Опубликовано:

Әнші Ерке Есмахан Instagram-дағы оқырмандар санының көбейгенін айтып, мақтанды. Енді өнер иесінің өмірі мен шығармашылығынан бір сәтте 4 миллион адам хабардар болып отырмақ деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әнші көпшілікке қуанышты жаңалығын БМВ көлігінің үстінде отырып жеткізген.

"Инстада 4 млн оқырман болдық! Төрлетіңіздер! Шынымды айтсам, өте қуаныштымын! Сіздердің менімен бірге болғандарыңызға раxмет! Көбейе беріңіздер! Әрбір инста досыма денсаулық, бақыт, маxаббат және байлық тілеймін! Не көрсек те, инстада бірге көрейік, жақсыларым!", - деп жазды әнші.

Сонымен қатар, Ерке көліктің өзіне тиесілі емес екенін да айта кетті.

Желі оқырмандары жақсы жаңалығымен бөліскен әншінің суретінің астына түрлі пікірлерін жазды.

"Сразу төбесіне шығып алмадың ба?", "Әлі де жоғары отырмадыңыз ба", "Көліктің үстіне шығып алғаны несі?", "Ерке құтты болсын!", "Ұзағынан сүйіндірсін", "Капоты майысып қалмасын, Ерке", - деп жазды олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1805560-kymbat-klikti-stinde-otyrgan-erke-esmahan-kuanysty-zaalygymen-blisti-foto/

pixel