Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жазира Байырбекованың қызды болғаны рас па?

Опубликовано:

Әлеуметтік желіде Жазира Байырбекованың қызды болғаны жайлы ақпарат тарады. Kaz_stars парақшасында жарияланған мәліметтің қаншалықты рас екенін KAZ.NUR.KZ. әншінің көмекшісіне хабарласып, білді.

Желідегі жазбаға сүйенсек, әнші 22 жылдан кейін қыз баланы өмірге алып келген.

"Қазақстанның танымал әншісі Жазира Байырбекова 22 жылдан кейін қызды болды деп xабарлайды шоу бизнес порталы. Әлеуметтік желілерде Жазираның аяғы ауыр кезіндегі фотосы таралды.
Бұған дейін Жанболат пен Жазирада Қазбек есімді бір-ақ бала болғаны белгілі. Жазира сұxбатында қызды болғанын армандайтынын айтқан", - деп жазылды желіде тараған хабарламада.

Осы орайда KAZ.NUR.KZ тілшісі ақпараттың қаншалықты рас екенін білмек болып, Жазира Байырбекованың көмекшісіне хабарласты.

"Бұл ақпаратқа қатысты қазір ешқандай пікір білдіре алмаймыз. Бірақ ақпаратты 100% пайыз жалған деп те айта алмаймыз", - деп жауап берді әншінің Аслан есімді көмекшісі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1805624-zazira-bajyrbekovany-kyzdy-bolgany-ras-pa/

pixel