Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айя Шалқардың суреті Рианнаға тиесілі әлемдік брендтің парақшасында пайда болды (фото)

Опубликовано:

Қазақстандық модель Айя Шалқардың суреті әйгілі әнші Рианнаға тиесілі "Fenty beauty" атты косметикалық брендтің Instagram желісінде пайда болды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әзірге бұл жариялымнан Айяның танымал брендтің жаңа жарнамасында бой көрсете ме, әлде жоқ па ол жағын аңғару қиын.

Дегенмен ресми парақшада жарияланған қазақстандық модельдің суреті желіде қызу талқыға түскен.

Қазнет оқырмандары әсіресе модельдің суретіне Рианнаның өзі лүпіл басқанына назар аударып, Айя Шалқарға тілектестіктерін білдіруде.

"Айя үшін қуаныштымыз", "Керемет сұлулық", "Қандай әдемі", "Қазақстандық болғанына мақтанамыз".
"Рианнамен әріптестікті бастап кеттіңіз бе?", "Сен үшін қуаныштымын", "Биікке өрлей бер" деп жазды желі қолданушылары.

Естеріңізге сала кетейік, Айя Шалқардың қазақстандық танымал режиссер Айсұлтан Сейітовтің сүйіктісі екені белгілі болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1805641-aja-salkardy-sureti-riannaga-tiesili-lemdik-brendti-paraksasynda-pajda-boldy-foto/

pixel