Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Димаш "Славян базарында" жеңіске жеткен жерлесін құттықтады (фото)

Опубликовано:

Димаш Құдайберген "Славян базарында" жеңіске жеткен Әділхан Макинді жеңісімен құттықтап, Instagram желісінде арнайы жазба қалдырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Димаш Құдайберген, Әділхан Макин. Фото: Димаштың жеке парақшасынан. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Димаш Құдайберген, Әділхан Макин. Фото: Димаштың жеке парақшасынан. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram
"Жеңісің құтты болсын! Өсе бер! Өркендей бер!", - деп жазды Димаш Құдайберген.
Ал Әділхан Макин әріптесінің құттықтауын қуана қабылдап, "Рахмет, бауырым!", - деген пікір қалдырған.

Желі қолданушылары бұрыннан таныс қос таланттың бір-біріне жылы шырай танытқанына риза болғандарын жасырмады.

"Керемет! Қазақстан нағыз таланттардың ортасы", "Соңғы бес жылда "Славян базарынан" екі қазақстандық жеңіспен оралды", "Жарайсыздар", "Биік белестерден көріне беріңіздер, қазақтың мақтаныштары" деп жазған желідегілер.

Айта кетейік, Димаш Құдайберген "Славян базары" байқауына 2015 жылы қатысып, жеңімпаз атанған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, Әділхан Макиннің "Славян базары - 2019" байқауында жеңіске жетіп, гран-при иегері атанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1805678-dimas-kdajbergen-slavan-bazarynda-zeiske-zetken-zerlesin-kttyktady-foto/

pixel