Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сақал-мұрт қойған Жігер Ауыпбаевты жұрт танымай қалды (фото)

Опубликовано:

Желіге сақал-мұрт өсірген суретін жариялаған Жігер Ауыпбаевты көпшілік алғашында танымай қалды. Сырт келбетіне өзгеріс енгізуді ойлаған әнші Instagram парақшасында сауалнама жүргізген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Сақал-мұрт жарасады" деген пікір көп болса, фотоны қалдырамын. "Жараспайды" дейтіндер көбейсе, суретті өшіріп тастаймын", - деп жазған әнші.

Ал өнер иесін жаңа образда көрген желі қолданушылары оның түрік актерлеріне ұқсап кеткенін айтып, пікір қалдыруда.

"Керемет жарасып тұр", "Түрік актерлері секілдісіз", "Алғашында танымай қалдым", "Мына образ жасартып көрсетеді екен", "Шынымен жарасады. Ажарланып кеттіңіз".
"Елдің пікірін қайтесіз? Өз жүрегіңізді тыңдаңыз", "Бір қарағанда танымай қалдым", "Сақал әр бір ер адамға жарасады деп ойлаймын", "Сақал әдемі жарасып тұр. Бірақ мұртты алып тастау керек екен" деп жазды желідегілер.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан біраз уақыт бұрын Жігер Ауыпбаев отбасы бар екенін айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1805911-sakal-mrt-kojgan-ziger-auypbaevty-zrt-tanymaj-kaldy/

pixel