Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жігіттер" тобының әншісі Айдар Тұрғанбек қызды болды

Опубликовано:

"Жігіттер" тобының әншісі Айдар Тұрғанбек туған күнінде қызды болды. Әнші қуанышты жаңалығын Instagram арқылы бөлісіп, көпшіліктен сүйінші сұрады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Сүйінші, ағайын! Бүгін қасиетті жұма күні, өзімнің туған күнімде Алланың қалауымен қызды болып жатырмыз. Туған күніме қызым ең керемет сыйлық болып келді.
Ата - анам тағы да ата - әже атанып, қуанышымыз еселеніп жатыр. Аллаға сансыз шүкірлер болсын! Қуанышымда шек жоқ! Бұл күн мен үшін отбасылық өмірімдегі тарихи күндердің бірі болды", - деп жазды әнші.

Желі қолданушылары әншінің жағымды жаңалығына ортақтасып, тілектерін жаудырды.

"Бауы берік болсын", "Құтты болсын", "Сіз үшін қуаныштымыз", "Енді артынан атұстар дүниеге келсін" деп жазды желідегілер.

Айта кетейік, Айдар Тұрғанбек бес жыл бойы балалы бола алмағандарын айтып, жан сырын ақтарған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1805960-zigitter-tobyny-nsisi-ajdar-trganbek-kyzdy-boldy/

pixel