Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тимати мен Назиманы қайталаған қазақстандық жеткіншектер жұлдыз болды (видео)

Опубликовано:

Танымал ресейлік Blackstar лейблі Назима мен Тиматидің әнін айтып, бейнебаян түсірген қазақстандық Youngsters тобын Youtube және Instagram парақшаларына салды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр: UGC

Жасөспірімдерден тұратын Youngsters тобы Назима мен Тиматидің "Нельзя" әніне клип түсіріп, Blackstar лейблінің парақшаларынан бір-ақ шықты.

Танымал лейбл жас әншілердің өнерін жоғары бағалап, бейнебаянды жанкүйерлеріне көрсету үшін онымен бөлісуді жөн көрген.

"Тимати мен Назиманың "Нельзя" әніне Youngsters тобының балаларынан керемет кавер. Бізге қатты ұнаты! Ал сізге ше?", - деп жазды олар Instagram желісінде.

Видеоның толық нұсқасы лейблдің YouTube арнасына жүктелді.

Желі қолданушылары жастардың өнерін бағалап, жылы лебіздерін жаудырды.

"Күшті!", "Қандай керемет", "Жарайсыңдар!", "Сапалы каверді осылай түсіру керек", "Түп нұсқадан асып кетті ғой", "Балалар тырысып жатыр екен, жарайсыңдар", - деп жазды оқырмандар.

Айта кетейік, танымал Blackstar лейблінің Instagram парақшасында 2,1 млн оқырманы, ал YouTube арнасында 4,8 млн жазылушысы бар.

Бірнеше сағат бұрын салынған Youngsters тобының видеосы 15 мыңға жуық қаралым жинап үлгерді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1806024-timati-men-nazimany-kajtalagan-kazakstandyk-zetkinsekter-zldyz-boldy-video/

pixel