Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жүргізуші атышулы бағдарламаның қатысушысына қоғамдық дәретхананы жуғызды

Опубликовано:

YouTube арнасындағы OYBAY SHOW бағдарламасының жүргізушісі танымал "Қалаулым" және "Кел, келінім" ток-шоуларының қатысушысын қонаққа шақырды. Түсірілім кезінде журналист ер азаматқа қоғамдық дәретхананы тазалатқызды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр: UGC

Жүргізуші атышулы ток-шоулардың қатысушысын қоғамға ешқандай пайда әкелмегені үшін жазалады.

"Менің ойымша сенің қоғамға ешқандай пайдаң тиген жоқ. Сол себепті мен саған жаза ойлап таптым. Дәретханаға кіріп, дәрет сындыратын жерді жалтыратып жууың қажет. Сен "Қалаулым" мен "Кел, келінімде" отырғаның үшін жазаландың", - деп түсіндірді ол.

Журналист қонаққа тек дәретхананы тазалатқызып қана қоймай, әнді де айтқызды.

"Мен өмірімде бірінші рет дәретхана тазалап тұрмын. Бұл масқара", - деді жігіт.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1806188-zrgizusi-atysuly-bagdarlamany-katysusysyna-kogamdyk-drethanany-zugyzdy/

pixel