Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кешьюдің тағы бір бұрынғы әншісі қалыңдық көйлегімен көзге түсті

Опубликовано:

Кешью тобының құрамында өнер көрсеткен тағы бір ару қалыңдық көйлегіндегі суретін жүктеп, жұртты қызықтырып қойды. Балжан Бидаш той көйлегімен түскен фотосын Instagram парақшасында жариялады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қазіргі таңда жеке әнші ретінде көзге түскен Балжан Бидаш суретінің астына: "Жақында", -деген жазба қалдырған.

Ал желі қолданушылары әншіні тұрмысқа шыққалы жүр деп болжап, сан сауал жолдаған.

"Тұрмысқа шыққалы жүрсіз бе?", "Той қашан?", "Той ма, ән ба?", "Өте әдемі", "Сізге жарасып тұр", "Клиптің образы сияқты", "Фотосессиядан суреттер ғой", "Бақытты болыңыз" деп жазды желідегілер.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Кешьюдің бұрынғы әншісі Назым Әбілдина да той көйлегімен түскен суретін жариялаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1806358-kesdi-tagy-bir-eks-nsisi-kalydyk-kjlegimen-kzge-tsti/

pixel