Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Табиғат аясында ән шырқаған "МузАрт" тобы елді сүйсінтті

Опубликовано:

Желіде табиғат аясында ән салған "МузАрт" тобының видеосы тарап, көпшілікті тәнті етті. Желі қолданушылары көптен бері бірге ән айтпай кеткен өнер иелерінің толық құраммен ән шырқағанына сүйсінген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр: Twitter

Instagram желісінде жарияланған бейнежазбада Мейрамбек Бесбаев, Сәкен Майғазиев пен Кенжебек Жанәбілов бой көрсетті. Әншілер Жаңаарқаның кіре берісінде бірігіп ән салған.

"МузАрт" мүшелерінің өнер көрсетуін тамашалаған желідегі оқырмандар оларға оң пікірін жарыса жазып жатты.

"Жарайсыздар", "Қарапайым әншілер деп осыларды айт", "Қазақтың жігіттері тек қана алға" ,"Не болса да жарасады бұларға" , "Кенжебектің даусы мықты" , "Көп болды бірге көрмегелі" , "Тамаша табиғат аясында" , "Қандай керемет орындау" , - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1806885-tabigat-aasynda-n-syrkagan-muzart-toby-eldi-sjsintti/

pixel