Ерке Есмахан отбасымен шетелде демалып жүр
Опубликовано:
Ерке Есмахан ата-анасы мен бауырларын алып, шетелге саяхатқа аттанды. Бұл жайында әншінің өзі Instagram парақшасында айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Көптен бері ойымда жүрген жоспарым Алланың қалауымен жүзеге асты. Ата-анамды әрең дегенде көндіріп, шетелге демалысқа алып шықтым. Неше жылдан бері саяхаттауға қарсы болған ата-анам осы жылы келісті ғой әйтеуір.
Немерелермен бірге демалуға ыңғайлы жер деп осы елді таңдадым. Осындай үлкен отбасылық саяхатты бәріңізге тілеймін", - деп жазды әнші.
Айта кетейік, Ерке Есмахан отбасылық демалысқа Египет елін таңдаған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1806913-erke-esmahan-otbasymen-setelde-demalyp-zr/