"Ескірмеген махаббат": Вальс билеген Ерке Есмаханның атасы мен әжесі елді сүйсінтті
Опубликовано:
Ерке Есмахан желіде вальс билеп жатқан атасы мен әжесінің видеосын жүктеп, көпшілікті сүйсінтті. Желідегілер әншінің жақындарына тамсана қарап, олардың ескірмеген махаббатына қызыққан деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Ата-әжесінің әдемі биін Ерке өзінің Instagram парақшасында жариялаған. Бейнежазбадан жұптың әсем әуенге вальс билеп жатқанын көруге болады.
Шоу-бизнес жұлдызы атасы мен әжесінің бірге өмір сүріп келе жатқанына 52 жыл болғанын айтты.
"Ескірмеген махаббат! Бақытты ата мен әже! 52-жыл бірге! Шүкір! Алла қуат берсін" , - деп жазды Ерке Есмахан видеоның астына.
Желі қолданушылары әншінің ата-әжесіне тәнті болып, оларға өз ақ тілегін жаудырды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1807462-eskirmegen-mahabbat-vals-bilegen-erke-esmahanny-atasy-men-zesi-eldi-sjsintti/