Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Төреғали Төреәлі күйеу баласымен кездесті (фото)

Опубликовано:

Төреғали Төреәлі спортшы күйеу баласы Дархан Нортаевпен танысты. Әншінің үлкен қарындасы Фаризаға үйленуге ұсыныс жасаған жігіт Алматыға арнайы келіп, жұлдызды қайын ағасымен кездескен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/nortayevjj/farizatoreali/jj_kaz. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/nortayevjj/farizatoreali/jj_kaz. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Twitter

Дархан Нортаев сүйіктісінің отбасымен ресми түрде танысқан. Ол өзінің Instagram парақшасында Төлеповтер әулетімен болған кездесудегі суретпен бөлісті. Спортшы көпшілікке танымал қайын ағасымен түскен фотосын жариялап қойған.

"Осындай керемет отбасымен танысқаныма Аллаға шүкір етемін" , - деген жазба қалдырған Нортаев.

Бұл суреттің астына Төреғалидің кіші қарындасы да пікір қалдырып, Дархан Нортаев өзінің жездесі екенін растады.

Фото: скриншот Instagram/nortaevjj
Фото: скриншот Instagram/nortaevjj: Instagram

Айта кетейік, бұған дейін Төреғалидің биыл ғана мектеп бітірген қарындасына сүйіктісі ұсыныс жасағанын жазған болатынбыз. Желі қолданушылары жұлдызды әулеттің күйеу баласы әлем чемпионы болуы мүмкін деген болжам жасап үлгерген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1807474-tregali-treli-kjeu-balasymen-kezdesti-foto/

pixel