Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шәмшінің әнін рэп қылып айтқан әнші қыздар жұртқа жақпай қалды

Опубликовано:

Әлеуметтік желіде танымал Шәмші Қалдаяқовтың әнін рэп жанрында орындаған қыздардың видеосы тарап кетті. Желі қолданушылары қысқа белдемшемен мың бұрала ән салған бойжеткендерді оңбай сынға алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр: UGC

Видео Instagram-дағы qazaqpiz_go тобында жарияланған.

Кадрдың бастапқы секундтарында бірнеше бойжеткен "Ақ бантик" әнін орындап отырады. Содан кейін қысқа киінген екі сылқым танымал композитордың әнін рэп жанрында орындап, билей кетеді.

Желі қолданушылары керемет әннің шырқын бұзған қыздарға жағымсыз пікірлерін жаудырды.

"Керемет әннің быт-шытын шығардыңдар ғой", "Мыналарың дұрыс емес болды", "Не мынау?", "Жақсы әнді бұзып тастадыңдар ғой", "Түсініксіз", "Бұлай өлеңді қорламаңдар", "Масқара", "Мақтатын нәрсе емес", "Басын жақсы бастап еді", "Әп-әдемі әннің сәнін құрттыңдар", - деп жазды олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1808178-smsini-nin-rep-kylyp-ajtkan-nsi-kyzdar-zrtka-zakpaj-kaldy-video/

pixel