Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Луинаның сүйіктісімен түсірген клипі көпшілікке ұнап қалды (видео)

Опубликовано:

Күні кеше сүйіктісінің өзіне жүзік таққанын айтып, көпшіліктен сүйінші сұраған Луина жаңа бейнебаянын жарыққа шығарды. Бейнебаяндағы басты кейіпкердің рөлін әншінің ғашығы ойнаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Луина. Фото: Клиптен кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Луина. Фото: Клиптен кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Өнер иесінің су жаңа туындысы "Самолёт" деп аталады.

"Бүгін ерекше күн! Бұл менің өмірімдегі ең бақытты, өзім де күтпеген күн. Мен Жаратқанға, сүйіктіме, жақындарыма, туыстарыма, желідегі оқырмандарыма шексіз алғысымды білдіремін!
Кеше Те (ред: сүйіктісі) екеуіміздің мерейтойымыз болды. Осы орайда біз бейнебаянымызды жарыққа шығаруды жөн көрдік. "Ұшақ" атты бейнебаянды осы қуанышымызда сіздерге ұсынып отырмыз.
Біздің бейнебаянымыздың премьерасы көңіл жарастырған күнімізбен қатар келіп тұр. Сүйіктілерім, біздің махаббатымызды қабыл алыңыздар", - деп жазды Луина Instagram парақшасында.

Айта кетейік, әншінің жаңа клипі бір күнде 100 мыңға жуық қаралым жинаған.

Бейнебаянды тамашалаған желі қолданушылары әншінің туындысын жоғары бағалаған.

"Керемет", "Бейнебаян сәтті шығыпты", "Бақытты болыңыздар", "Клип тамаша түсірілген" деп пікір білдірді желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1808480-luinany-sjiktisimen-tsirgen-klipi-kpsilikke-nap-kaldy-video/

pixel