Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал әнші Жасминнің күйеуіне халықаралық іздеу жарияланды

Опубликовано:

Ресейдің танымал әншісі Жасминнің күйеуі Илан Шорға халықаралық іздеу жарияланған. 42 жастағы өнер иесінің жұбайына қатысты бұл ақпаратты Молдова ішкі істер министрлігі мәлім еткен деп хабарлайды "Риа Новостиге" сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Жасмин мен жұбайы. Фото:womanhit.ru
Жасмин мен жұбайы. Фото:womanhit.ru: Depositphotos

Жұлдыздың жұбайы Илан Шор молдовалық кәсіпкер әрі депутат.

"Ішкі істер министрлігі Илан Миронович Шорға ұлттық және халықаралық іздеу жариялады. Бұл жарлықты орындау міндеті ішкі істер министрлігі жанындағы бас полиция инспекциясына жүктелген", - деп жазылды министрлік сайтында жарияланған хабарламада.

Айта кетейік, осыған дейін елден ескертусіз кеткені үшін депутат Шордың үстінен қылмыстық іс қозғалған болатын. Сондай-ақ болжам бойынша ол Украинада жасырынған.

Естеріңізге сала кетейік, 42 жастағы әнші Жасминнің бірінші күйеуі "Эльдарадо" мейрамханасының қожайыны - Вячеслав Семендуевтен. Өнер иесі екінші рет молдовалық кәсіпкер Илан Шорға тұрмысқа шыққан.

Танымал жұлдыздың бірінші некесінен бір, екінші некесінен екі ұлы бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1808489-tanymal-nsi-zasminni-kjeuine-halykaralyk-izdeu-zarialandy/

pixel