Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атышулы Айжан Байзақова көпшілікке "сүйіктісін" көрсетті

Опубликовано:

Өзінің ашық образдарымен елге танылған Айжан Байзақова өткен жылы ұлды болғанымен, баласының әкесін көпшілікке көрсетпеген еді. Блогер күні кеше Instagram парақшасына белгісіз азаматпен түскен суретін жариялап, ер азаматтың сүйіктісі екенін айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Суреттен жүкті әйел мен жанында тұрған жігітті көруге болады.

"Мінекей, баламның әкесін көрсетуге шешім қабылдадым. Қалған суреттер менің Insta-stories-імде", - деп жазды Байзақова.

Алайда желі қолданушылары атышулы арудың бұл жазбасына сене қоймаған. Олар бұл суретті де кезекті пранк деп ойлағандарын жарыса жазды.

"Бұл да кезекті пранк па?", "Өткендегідей кейін сізге сенбеймін", "Фотошоп емес пе?" деп жазған желі қолданушылары.

Айта кетейік, көп ұзамай Айжан Байзақова бұл суреттегі бойжеткеннің өзі екенін жоққа шығарып, insta-stories-інде жазба қалдырды.

"Мына қызды өзім екен деп, шошып кеттім", - дейді Айжан Байзақова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1808667-atysuly-ajzan-bajzakova-kpsilikke-sjiktisin-krsetti/

pixel