Меруерт Түсіпбаева жалғыз ұлының грантқа түскенін айтып сүйінші сұрады

Опубликовано:

Меруерт Түсіпбаева ұлының мемлекеттік грант иегері атанғанын айтып, көпшіліктен сүйінші сұрады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әнші қуанышты жаңалығын Instagram парақшасында бөліскен.

"Балам мемлекеттік грант иегері атанды. Аллаға шүкір! Анашыма рахмет", - деп жазды өнер иесі.

Ал желі қолданушылары Түсіпбаеваның қуанышына ортақтасып, ақ тілектерін жаудырған.

"Құтты болсын", "Биіктерден көріне берсін", "Бір тал бәйтерегің ғой. Жақсылығын, рахатын көр", "Алла құтты қылсын! Аман - есен бітіріп шықсын! Анасына, əжесіне еңбегінің нанын жеуді нəсіп етсін" деді желідегілер.

Естеріңізге сала кетейік, Меруерт Түсіпбаеваның ұлы биыл мектеп бітірген болатын.

Сондай-ақ әншінің жалғыз ұлы бітіру кешінде би билеп, жұртты таңғалдырған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1808712-meruert-tsipbaeva-zalgyz-lyny-grantka-tskenin-ajtyp-sjinsi-srady/

jitsu gif