Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Екі жұбайым бар": Ермахан Ыбрайымов тағы да үйленуге қарсы емес екенін жеткізді

Опубликовано:

Бүгінгі таңда сегіз ұл мен екі қыз тәрбиелеп отырған спортшы Ермахан Ыбрайымов жанұясы жайлы жан сырымен бөлісті. Боксшы қазіргі уақытта екі жұбайы бар екенін де жасырмай айтып берген деп жазады "Talk Like" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ермахан Ыбрайымов. Фото: "Talk Like" бағдарламасынан. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Ермахан Ыбрайымов. Фото: "Talk Like" бағдарламасынан. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram
"Бәрі жақсы біледі. Менің бірінен кейін бірі ержетіп келе жатқан сегіз ұлым бар. Балаларым бір әйелден деп айта алмаймын. Менде екі жұбайым бар. Үлкен жұбайым Бибігүл үлкен ұлыммен бірге Америкада тұрады. Екінші жарым - Айжан Ыбрайымова. Ол осы Алматы қаласында тұрады. Әр жұбайымда бес-бестен бала бар", - дейді боксшы.

Сондай-ақ Ермахан Ыбрайымов алдағы уақытта тағы да әйел алу мәселесіне қатысты сұрақтарға жауап берді.

"Енді әйелдерім қарсы болмаса, неге алмасқа? Сұлу келіншекті көрсе, жүгіріп барып одан бала тудыру әркімнің қолынан келеді. "Ал сіз жесір әйелді балаларымен бірге қабылдап алуға дайынсыз ба?" деген сауал туады. Бәлкім сондай әйелдер бар шығар. Егер мен соны бауырыма бассам, нағыз сауапты іс сол. Сондықтан мен сондай жолға баруым мүмкін", - деп ағынан жарылды спортшы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1808783-eki-zbajym-bar-ermahan-ibraimov-tagy-da-jel-aluga-karsy-emes-ekenin-zajyp-saldy/

pixel