Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жұлдызды әріптестерінен қалмай Төреғали Төреәлі де шай шығара бастады (фото)

Опубликовано:

Өткен жылы Димаш Құдайберген көпшілікке өз атымен шыққа, шай брендін ұсынған болатын. Ал осыдан бір апта бұрын Төреғали Төреәлі де "Toresh" атты шай өнімін жарыққа шығарғанын Instagram парақшасы арқылы жұртшылыққа жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Ассалаумағалейкум, құрметті Toresh-тің оқырмандары! Жуырда, жақсы жаңалықтармен бөлісетін боламыз", - деп жазды хитмен.

Ал желі қолданушылары арасында әншіге сәттілік тілегендермен қатар Димашпен салыстырушылар да кезедскен.

"Құтты болсын. Бірақ қорабына өзіңіздің суретіңізді қоймауыңыз керек еді. Қоқысқа лақтырамыз ғой", "Біздің қазақтың жігіттері қызық әйтеуір, қайталау керек", "Шайдан басқа затты шығарса болмайды ма?".
"Димаштан қалмасайшы", "Қайталаудан жалықпа", "Келесі жолы не шығарады екенсің?", "Димаштан қалмай бұл да шай шығарып жатыр ма?", "Ісіңе сәттілік тілейміз", "Басқа нәрсе шығару керек еді", "Әтіріңіз де удай қымбат. Шайдың бағасы қанша болады екен?" деп жазды желідегілер.

Естеріңізге сала кетейік, Димаш Құдайберген өткен жылы "Димаш" шайды көпшілікке ұсынған болатын.

Сондай-ақ 2016 жылы "Жігіттер" тобының әншісі Айдар Тұрғанбек те "Айдар" шай брендін жарыққа шығарған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1808941-zldyzdy-riptesterinen-kalmaj-tregali-treli-de-saj-sygara-bastady-foto/

pixel