Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Димаш Құдайбергеннің бұрынғы продюсері әке атанды (фото)

Опубликовано:

Отандық танымал медиаменеджер Алпамыс Шәрімов әке атанды. Көпшілікке Димаш Құдайбергеннің бұрынғы продюсері ретінде танылған азамат ұлды болған. Шоу-бизнес өкілінің тұнғышы 21 шілде күні дүниеге келген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Алпамыс Шәірмов отбасындағы қуанышты жағдаймен желіде өзі бөліскен. Ол Instagram парақшасында әке болғанын айтып, көпшіліктен сүйінші сұраған.

"Сүйінші, Мен Әке атандым! Ұлым бар! Аллаға сансыз шүкіршілік", - деп жазды Шәрімов.

Димаштың экс-продюсері ұлына Алдияр деген есім берген. Желі қолданушылары отандық продюсерді ұлды болуымен құттықтап, оған ақ тілектерін жаудырып жатыр.

"Бауы берік болсын. Үлкен азамат болсын. Қандай қуаныш" , "Алпамыс алғаш рет әке атануыңызбен" , "Бауы берік, өмірі ұзақ болсын. Ауырмай тезірек өсіп кетсін" , "Ғұмыры ұзақ болсын. Әкесі сияқты үлкен азамат болсын" , - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1809145-dimas-kdajbergenni-bryngy-produseri-ke-atandy-foto/

pixel