"Елден жасырмаймын": Әзімбек Байлиннің өнерде тоқалы бар екені рас па?

Опубликовано:

"Алашұлы" тобының әншісі Әзімбек Байлин шоу-бизнесте жүріп, өзіне тоқал тауып алғаны туралы қауесетке қатысты пікір білдірді. Отбасылы әншінің "өнердегі сүйіктісі" жақында босанатыны жайлы әңгіме де ел арасында тараған деп жазады Youtube желісіндегі бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Бүгінде бір ұл мен бір қыз тәрбиелеп отырған Әзімбек өзінің сүйікті жарынан бөлек тоқалы бар екені жайлы қауесетке жауап берді.

Әнші жігіт қызу талқыланып жатқан мәселеге нүкте қойды. Ол тоқал алатын болса елден жасырмайтынын айтты.

"Ол әңгіме өтірік, былапыт әңгіме. Қайдан естігеніңізді білмеймін. Бірақ, өнер адамдарының соңынан мұндай әңгімелер көп тарайды. Егер де мен екінші тоқал алатын болсам, оны елден жасырмай, басымды бұқпай, еркекше, жігітше арнайы елге жариялаймын" , - деді әнші.

Айта кетейік, бұған дейін Әзімбек Байлиннің гонорары қанша екенін жазған болатынбыз. Өнер иесі асабалығы үшін мың доллардан асарлық табыс табытынын айтқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1809477-elden-zasyrmajmyn-alasly-nsisini-nerde-tokaly-bar-ekeni-ras-pa/