71 жасында тұлпарға мінген Иманбаеваның анасы елді таңырқатты (видео)
Опубликовано:
Айгүл Иманбаева 71 жасқа толған анасының атқа мінген сәтін камераға түсіріп алып, оны желіге жүктеп жіберді. Отандық жұлдыздың Instagram парақшасында жарияланған видеосы көпшілікті тәнті еткен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Желі қолданушылары 71 жастағы әнші анасының мұндай әрекетіне сүйсінгендерін жасырмады. Олар аталмыш бейнежазбаның астына бірінен соң бірі пікір қалдыруда.
"Анаңыз 71-де деп айтапайсың. Тым жас көрінеді" , "Жарады анаңыз, қандай тамаша" , "Анаңызға жақсы денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеймін" , "Керемет, анаңыз 100 жасасын" , - деп жазуда желідегілер.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1809490-71-zasynda-tlparga-mingen-imanbaevany-anasy-eldi-tayrkatty-video/