Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Байы да, қатыны да мен": Пышақ қайрап, ет жайғаған Жорабаева қызу талқыға түсті

Опубликовано:

Желіде белгілі әнші Алтынай Жорабаеваның пышақ қайрап, етті жайғаған видеосы тарап, көпшілікті таңғалдырды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр
Видеодан кадр: Instagram

Видео әртістің Insgram-дағы парақшасында жарияланды.

Кадрдан әншінің пышақ қайрап, сөз арасында "бұл үйдің байы да, қатыны да мен" деп әзілдеп, етті жайғағанын байқауға болады.

Сондай-ақ, Жорабаева қазақстандықтарды, күллі мұсылмандарды, құрбан айт мерекесімен құттықтауды ұмытпады.

"Құрбандықтарыңыз қабыл болсын, мереке құтты болсын! Мен енді мынау өздеріңіз көріп тұрғандай, етті алып келдік, қонақ шақыруым керек. Өзім осылай жайғап жатырмын. Балтамды таппай қалдым. Мына етті бірнәрсе қылып шабамын", - дейді видеода әнші. 

Жорабаеваның парақшасындағы видеоны көрген танымал актриса Гүлшарат Жубаева, әнші Маржан Арапбаева, Индира Расылхан "Қабыл болсын" деген тілектерін жазып қалдырған.

Бұдан бөлек, желі оқырмандары да жылы лебізін білдіріп өтті.

"Шынайы өмірді ұнатамын, өмірде басқа, экранда басқаша бола салатындар ұнамайды. Алтынай жарайсың жарқыным, қызғалдақтарыңмен құлпырып жүре бер", "Сіз еңбекқор жансыз", "Қарапайымдылығыңызға бас иемін", "Әншілердің бәрі сіз сияқты шынайы болса екен", "Іскер екенсіз" деген сынды пікірлер қалдырды.

Арасында әншіге ақыл айтқандар да табылды.

"Пышақты ас бөлмеде қайрамайды. Себебі жан-жаққа қайрақтың ұсақ тастары ұшады. Сол үшін пышакты балконда немесе далада қайрайды", - дейді оқырманның бірі.

Сондай-ақ, кейбір желі қолданушылары әнші дөрекі сөйледі деген пікірде.

Олардың жазуынша, көпшіліктің алдында жүрген адамға "байы, қатыны" сөздерін қолдану ерсі көрінеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1810465-bajy-da-katyny-da-men-pysak-kajrap-et-zajgagan-zorabaeva-kyzu-talkyga-tsti/

pixel