Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ұлтқа жаны ашиды": Бесбаев Нұр-Сұлтан әкімін жер-көкке сыйғызбай мақтады

Опубликовано:

Мейрамбек Бесбаев Нұр-Сұлтан қаласының жаңа әкімі Алтай Көлгіновтің мақтауын асырды. Отандық танымал әнші елорданың жаңа басшысына қатысты ой-пікірімен бөліскен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Шаһар басшысы жайлы Бесбаев өзінің Instagram парақшасында айтқан. Ол Көлгіновке арнайы жазба қалдырып, оған қатысты ойын ортаға салды.

"Бас қаламыздың жаңа басшысы Алтай Көлгінов мырзамен. Кез-келген істі ұршықша иіріп, допша дөңгелетіп алып кететін нағыз азамат.
"Ұлтқа қызмет ету білімнен емес, мінезден", - дейді Әлихан Бөкейханов атамыз. Білімі де, мінезі де бар, ұлтқа жаны ашитын жігіттің нақ өзі. Жанұяңа ырыс-құт, заманымызға тыныштық тілеймін" , - деп жазды әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1810530-zigitti-nak-zi-besbaev-nr-sltan-kimin-zer-kkke-syjgyzbaj-maktady/

pixel