Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұржан Керменбаевтың жұбайы әнші күйеуінің шулы сұхбатына қатысты жауап берді

Опубликовано:

Нұржан Керменбаевтың жұбайы жолдасының өзі туралы берген сұхбатына қатысты пікір білдірді. Назерке Керменбаева әнші күйеуінің сөздерінен кейін желіде үлкен сынға ұшырағанын жеткізіп, отағасымен таныстығы жөнінде толығырақ айтып берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Өнер иесінің келіншегі өзін сынға алған көпшілікке Instagram желісінде жауап берген.

Ол өзі жайлы: "есі дұрыс емес шығар деп ойлап қалдым" деген жолдасының сөзіне қатысты пікір білдіріп, оның бұлай ойлауына не себеп болғанын да тоқталды.

"Нұрекенің айтқан әнгімесін қаншама уақыт өтіп кеткеннен кейін қайта қазбалап таратып жатыр екен. Мән бермейақ қоя салайыншы десем маған дайрекке жіберіп жатыр түрлі пікірлер жазылып жатыр. "Есі дұрыс емес шығар деп ойлағаны рас шығар" әр адамның өз ойы болады. Ол сәтте мені Нұреке танымайды да. Олай ойлауы да заңдылық шығар. Мен де олай ойлап қалғанын кейін білдім" , - деп бастады әңгімесін Назерке Керменбаева.

Айтуынша, ол болашақ жолдасы өзі жайлы сондай ой түйеді деп күтпеген.

"Сол сәтте мен біріншіден, орамалда емеспін, жаспын, еркемін (ветер в голове), өнер адамын күнде көріп жүрген адам емеспін. Маған ол кісімен әнгіме айтып, сөзін тыңдау қызық болды.
Иә, қолтықтасып әңгімемді айтып сыртқа бірге шыққанымыз рас. Бірақ Нұреке олай оғаш ойлап қалады деген ой болған жоқ. Себебі менде жаман арам ой болмады. Қыздармен қолтықтасып әңгіме айтып жүретін едік қой сол мүмкін автоматты түрде іске қосылып кеткен шығар" , - дейді әншінің жұбайы.

Сонымен қатар Назерке жарының сұхбатынан кейін өзін сынға алғандардың қатары көбейіп кеткенін жасырмады.

"Түймедейді түйедей етіуді қояйықшы. Алла сақтасын сыйлығымды дуалап берген жоқпын. Туған күніне естелікке сыйладым шын пейіліммен. Жабысқан жоқпын. Орамалыма тіл тигізіп жатырсыздар. Орамалдағылар "жыртқыш" болады, көздегеніне жетеді. Соны көздеп барғансың ғой деп. Ерлі-зайыптыларды Алла қосады.
Некемізді көкте қияды. Мен жаман болсам, тәрбиесіз адам болсам мені іздеп, маған жазып Алматыға шақырмас еді. Оның үстіне қазір Нұрекенің жары, ұлдарының анасы болып отырмас едім. Әр нәрсенің хайыры бар. Алла ретін солай келтіріп, біздерді қосты. Сондықтан біреудін мінін тергенше, жамандығын көргенше өз ойларыңызды, өз бойларыңызды тазалап өздеріңізбен күресіңіздер өлгенше" , - деп жазды ол.

Айта кетейік, бұған дейін Нұржан Керменбаев әйелімен таныстығы жөнінде айтып, көпшілікті таңғалдырған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1810767-nrzan-kermenbaevty-zbajy-nsi-kjeuini-suly-shbatyna-katysty-zauap-berdi/

pixel