Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мақпал Жүнісова мен Қайрат Нұртас тойда бидің түбін түсірді

Опубликовано:

Отандық эстраданың жарық жұлдыздары Мақпал Жүнісова мен Қайрат Нұртас тойда бидің түбін түсірді. Ортада биді жандырған өнер иелерінің видеосы әлеуметтік желілерде тарап кеткен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр/Instagram/zhunusova.makpal
Фото: видеодан кадр/Instagram/zhunusova.makpal: Instagram

Қос әртістің той үстіндегі биін Instagram желісінде Мақпал Жүнісова жариялады.

Бейнежазбада Қайрат Нұртастың ән шырқап тұрып, өнердегі әпкесімен бидің түбін түсіргенін көруге болады.

Оған қоса, видеода Қайраттың анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова да бар.

Айта кетерлігі, Жүнісова мен Нұртас әріптесі Шахизаданың шаңырағындағы дүбірлі тойда бас қосқан.

Отандық әнші жездесінің 60 жасқа толу мерейтойына барша шоу-бизнес қаймақтарын жинаған. Тойда Мақпал Жүнісова мен Қайрат Нұртастан басқа Ақбота Керімбекова мен Төреғали Төреәлі де болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1811327-makpal-znisova-men-kajrat-nrtas-tojda-bidi-tbin-tsirdi/

pixel