Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бүркіт өзінің 15 жыл бұрын қандай болғанын көрсетті (фото)

Опубликовано:

Отандық шоу-бизнестің жұлдызы Бүркіт өзінің 15 жыл бұрын қандай болғанын көрсетті. Желіде жас кезіндегі суретін жариялаған әнші көпшілікті таңғалдырып, қызу талқыға түскен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бүркіт жастық шағындағы суретімен өзінің Instagram парақшасында бөліскен.

"Бар болғаны 15 жыл бұрын. Қалай жақсы ма?" , - деп жазба қалдырған әнші фотоның астына.

Өнер иесінің бұрынғы суретіне қатысты желі қолданушалырының пікірі екіге бөлінді. Бірі оның бұл аралықта қатты өзгеріп кеткенінн айтса, енді бірі керісінше, сол қалпы қалып қойғанын жазуда.

Сонымен қатар әншіге қазіргі кезде әлдеқайда сымбаттырақ екенін жеткізген оқырмандар да болды.

"Ұқсамайсыз, қатты өзгеріп кетіпсіз" , "Қазір әлдеқайда әдемірексіз" , "15 жылда үлкен өзгеріске ұшырап, есейіп кеткенсіз" , "Шаш үлгісі керемет болған екен" , "Сіздің бүркітпен түскен бейнебаяныңыз есімде қалып қалыпты. Ол кезде дене бітіміңіз керемет еді" , "Бүркіт мұндай шаш енді өсірмеші" , - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1811334-brkit-zini-15-zyl-bryn-kandaj-bolganyn-krsetti-foto/

pixel