Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бағлан Әбдірайымов қызының тұсаукесерін дүркіретіп атап өтті (фото, видео)

Опубликовано:

Бағлан Әбдірайымов кіші қызы Әдинаның тұсаукесерін дүркіретіп атап өтті. Instagram парақшасына отбасылық суретін жариялаған әнші шаңырағындағы қуанышын көпшілікпен бөлісті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Өнер иесі тұңғышының сегіз жасқа толғаны мен кіші қызының тұсаукесерін қатар өткізген.

"Кішкентайларымның құрметіне, шағын той атап өттік. Дүбірлетіп атап өтуге де болар еді, соңғы кездері үнемшіл болып алыппын. Айқаракөзім сегізге толып, Ай-Әдинамның тұсауын кестік.
Тектілік танытып төбе көрсеткен Зейнеп Ахметова апама, тұсауын кескен Динара жеңгеме, бауырлық қызмет көрсеткен туыстарыма рахмет!", - деп жазды әнші.

Әншінің қуанышына өнердегі әріптестері мен жақындары, Зейнеп Ахметова, Ерғали Әбдіраймов жиналған.

Айта кетейік, әншінің Ай-Әдинасы өткен жылдың тамызында дүние есігін ашқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1811663-baglan-bdirajymov-kyzyny-tsaukeserin-drkiretip-atap-tti-foto-video/

pixel