Гауһар Әлімбекова туған жерінде жеке шығармашылық кешін өткізді (фото)
Опубликовано:
Әнші Гауһар Әлімбекова туған жерінде жеке шығармашылық кешін өткізді. Өнер иесінің концерті Мақтаарал ауданының "Достық" мәдениет үйінде болған деп хабарлайды Ernur.kz.

Салтанатты кешке аудан әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребеков қатысып, әншіге деген жылы лебізін жеткізді.

"Гауһар лириканы жақсы көреді. Оның сырға толы, мұңға толы ғажайып әндері тыңдаған жанды елітпей қоймайды. Сезімге толы сыршыл әндер Гауһардың қазақ сахнасындағы өзіндік орнын, ән әлеміндегі өзіндік мәнерін қалыптастырды.
Сондықтан, біз жерлестері, әнші қарындасымызбен қашанда мақтанамыз" - деді Бейсенбай Тасболатұлы.

Өзінің ізгі тілегінен соң Б.Төребеков әншіні аудан әкімі Б.Асановтың арнайы алғыс хатымен марапаттап, сый-сияпатын табыстаған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1812122-gauar-limbekova-tugan-zerinde-zeke-sygarmasylyk-kesin-tkizdi-foto/