Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ағайынды Төлеповтердің бала кездеріндегі суреті елді күлкіге қарық қылды

Опубликовано:

Отандық актер Артур Төлепов Instagram парақшасына інісі екеуінің бозбала шағынан естелік жариялаған. Ағайынды жігіттердің бала күнгі суреті жұртты күлкіге қарық қылды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Ол кездері мен Валерий Леонтьевке еліктейтінмін. Бірақ түрім таза Лолита болатын. Ал, жолдас бала Асылхан болса Брюс Лиге еліктейтін. Бұрындары Валерий мен Брюс жиі төбелесіп қала беретін", - деп жазды актер.

Ал желі қолданушылары ағайындылардың суретін көріп, өздерінің бозбала шағын еске түсіргендерін жасырмады.

"Мына суретке әбден күлдім", "Түрлерін-ай", "Шаш үлгіңіз керемет болған екен", "Сол кезде көп жасөспірімдер Дима Биланға еліктеп, шашын өсіріп алатын еді";

"Жастық шағым есіме түсіп кетті", "Сол сәтте керемет болып тұрған сияқтысың. Алайда сол суретке біраз жылдан кейін қарап, "қалай жүргенмін" деп күлесің", "Асылхан әдемі болғасын, нәзік көрінеді екен ғой";
"Мына сурет өте күлкілі екен", "Қатты еліктегеніңіз көрініп тұр", - деп жазды желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1812329-agajyndy-tlepovterdi-bala-kezderindegi-sureti-eldi-klkige-karyk-kyldy/

pixel