Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ешкімді тыңдама": Күйеуі өзінен 6 жас кіші жайдарманшы ару өзгелерге кеңес берді

Опубликовано:

Отандық танымал әзілкеш Мереке Бауыржанқызы өзінен кіші жігітпен кездесіп жүрген аруларға кеңесін берді. Өзінен алты жас кіші боз баланың жары атанған жайдарманшы қыз нәзік жандыларға жүрек қалауымен жүру керек екенін айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қыз бен жігіттердің арасындағы жас айырмашылығы жайлы мәселені ол Instagram желісінде көтерген. Ол сүйіктісі өзінен кіші аруларға ешкімді тыңдамай, сезімдер үшін күресуге шақырды.

"Үлкен көрінемін. Арсен қаланың баласы! Мен таза большевиктің қызы, ауылдың ауылында туылып өстім. Ол 97 жылғы бірақ кейбір қатарларымен салыстырғанда жас көрінеді білем. Бірақ өзімнің 29 жасыма кәрі көрінемін деп ойламаймын. Арсенге тигелі тіпті жасарып жатырмын шүкір.

Былай ғой ше Мен байлық үшін өзімнен 20-30 жас үлкен шалдарға тоқал болмадым, керісінше махаббатпен сүйгеніме қосылдым. Сондықтан маған директке "жігітім өзімнен кіші нестеймін" деп сұрайтындар: Ешкімді тыңдамаңыздар! "Үлкен көрінесің", "жас қыздарға кетіп қалады", "ол әлі кішкентай", "баламен бала болам деп қартаясың" т.б барлығы жәй әшейін шайнаған сөздер!

Жас қыздарға кетіп қалады? Айналайын зіңгіттей, зіңгіттей еркектерің ол кететін... Ақыл тоқтатқан, үп-үлкен еркектер қатын бала-шағасын тастап жас қыздарға үйленіп кетіп жатқан жоқ па? Сол себепті жас болса да, бас бола білетін жігітті тапсаң бірден байға ти! Тыңдама ешкімді. Мен өз шешіме ешқашан өкінбегенмін, өкінбеймінде" , - деп жазған әзілкеш қыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1812352-eskimdi-tydama-kjeui-zinen-6-zas-kisi-zajdarmansy-aru-zgelerge-kees-berdi/

pixel