Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Не деген көргенсіздік": Танымал этнодизайнер тұсау кесетін танымал әншілерге шүйлікті

Опубликовано:

Танымал этнодизайнер Ырза Тұрсынзада елдің сөзі үшін той өткізетін адамдар мен балалардың тұсауын топтастырып кесетін әншілерді сынға алды деп жазады Sputnik Қазақстан.

"Қазір айтсам, айтты дейсіңдер, белгілі әнші-әртістерге пәленше мыңға тұсау кескізеді. Осы салтты тағы біреуге жасатады. Оның сый-сияпаты бар. Ал сол ақшаға кестірген тұсаудың ниеті қабыл бола ма? Жоқ па? Білмеймін", - деп ой тастады Ырза Тұрсынзада.

Этнограф әншілердің тағы бір "дәстүрі" туралы естігенін айта кетті.

Дизайнердің айтуынша, әншілер бір күнді тұсау кесуге бөліп, 50-70 адамның барлығының тұсауын кесіп шығады. Сол үшін біраз ақша жинап кетеді.

"Ондай тұсау кесу қазақтың даласында болмаған дүние ғой. Бұл не деген сұмдық? Не деген сорақылық? Не деген көргенсіздік? Ай, айналайын, тұсау кесу деген сенің ұрпағыңның бұл дүниедегі алғашқы қадамы, оны ниеттес адамның кескені дұрыс қой. Әншіге сенің берген ақшаң мен малың құтты", - деп ашынды этнодизайнер.

Оның ойынша, қазіргі адамдар жарнаманың құлы болып кетті. Өзінің атын шығару үшін, беделін көтеру үшін жасайтын сияқты. Ондайда ең алдымен баланың болашағын ойлау керек.

Сондай-ақ Ырза Тұрсынзада қазіргі 500-1000 адамға арналған тойлардың да мәні жоқ екенін айтты.

"Қазір тойдан шыққан адамдардың айтқан әңгімесін байқайсыз ба? Бәрі бір сарында анау келді, мынау келді, біреудің киген киімі, дастарқаны жұпыны немесе жақсы болды, қанша жылқы сойылды, қай ресторанда өтті, кім бәйбішесімен, кім тоқалымен келді. Меніңше, бұл - тойға берілген баға. Халық сондай әңгіме айтса, той қара малдың деңгейінде өтті деген сөз", - дейді Тұрсынзада.

Дизайнердің ойынша, 500-1000 адамға арналған тойлардың мәні жоқ. Себебі той иесі кімнің келгенін, кімнің кеткенін өзі де білмей қалады. Ол адамдардың сөйлеген сөзі де есте қалмайды. Одан да ет жақын деген адамдарды шақырып, мағыналы да, салиқалы отырыс жасаған дұрыс.

Ал ақша артылып бара жатса, тұрмысы төмен адамдарға таратып беруге болады. Оның сауабы да көп.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1812923-ne-degen-krgensizdik-tanymal-etnodizajner-tsau-kesetin-tanymal-nsilerge-sjlikti/

pixel