Әлемдегі ең табысты актриса анықталды
Жарияланған күні:
Әйгілі Forbes журналы кино саласындағы ең табысты актрисалардың тізімін жариялады деп жазады super.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Биылғы жылдың ең қалталы актрисасы деп Скарлетт Йохансон танылған.
Актрисаға бұл атақты оның "Кек алушылар" жайлы соңғы фильмнің гонорары әкелген. Айта кетерлігі, аталмыш кинода ол барлық қойылымдарда бой көрсетпеген. Алайда, бұл жайттың өзі Скарлеттке тізімнің көшбасына шығуына кедергі келтірмеген. Кино жұлдыздың осы жылы тапқан таза табысы 56 млн долларды құраған.
Рейтингтің екінші сатысына телехикаялардың актрисасы София Вергара орналасқан. Оның жылдық табысы 44 млн доллар болып шықты.
Ал үшінші орын табысы 35 млн долларды құраған әйгілі Риз Уизерспунға бұйырды. Одан бір миллион долларға кем қаржы тапқан Николь Кидман төртінші орында.
Үздік бестікті Брэд Питтің бұрынғы әйелі Дженнифер Энистон аяқтады. Оның биылғы жылғы табысы 28 млн доллар.
Тізімнің жалғасы мынадай:
6. Кейли Куоко — 25 млн доллар
7. Элизабет Мосс — 24 млн доллар
8. Марго Робби — 23,5 млн доллар
9. Шарлиз Терон — 23 млн доллар
10. Эллен Помпейо — 22 млн доллар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1813134-lemdegi-e-tabysty-aktrisa-anyktaldy/