Ақ көйлек киген Лидия Кәденова жұртты қызықтырып қойды (фото)
Опубликовано:
Әлеуметтік желіде 67 жастағы актриса Лидия Кәденованың ақ көйлекпен түскен суреті пайда болды. Өнер иесінің ұлы Дидар Кәден Instagram парақшасында анасымен әзілдескен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Актрисаның ұлы парақшасына анасының суретін салып, "Әзілің жарасса, атаңмен ойна", - деп мақалдатқан.
Ал желі қолданушылары соңғы жаңалықтардан қалмай, анасына ақ көйлек кигізген актердің әрекетін жылы қабылдаған.
Олар Дидар Кәденге жарыса пікір жазып, суретті көріп күлкіге қарық болғандарын жасырмады.
"Қалың малға не алдыңыз", "Мен Лидия әпкем үшін қуанып кеткен едім", "Анаңыздың өмір жасы ұзақ болсын", "Қаншаға келсең де, жүрек деген жас қой", "Бақытты болсын! Апаларымыз аман болсын".
"Анаңыз әзіліңізді жақсы түсінеді-ау", "Мына суретті анаңыздың өзі көрді ме?" деп жазды желі қолданушылары.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1813384-ak-kjlek-kigen-lidia-kdenova-zrtty-kyzyktyryp-kojdy-foto/