Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ләйлә Сұлтанқызы танымал әзілкеш пен журналисті сотқа берді

Опубликовано:

Отандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы "Өз ойым" бағдарламасына келіп, пәктігін сататынын айтқан арудың дауын заң жүзінде шешпек. Ол ел арасында шу тудырған бұл жағдайға қатысты белсенді түрде пікір білдірген белгілі журналист Бибігүл Дәулетбек пен әзілкеш Нұрболхан Шараповты сотқа берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/nurbolkhan/sultankyzy/bibiguldauletbek Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/nurbolkhan/sultankyzy/bibiguldauletbek Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Сұлтанқызы оларға шындықты білмей, жала жапты деген айып тағуда. Танымал тұлғаларды сотқа бергенін ол өзінің Instagram парақшасында мәлімдеген.

"Құрметті оқырмандар! Сіздермен біраздан бері жиналған, сұрауы көп, жауабы болмаған ақпаратпен бөліскім келеді. Әрқайсыларыңыз жеке тұлғасыздар. Әр адам өз құқықғын білу керек, қорғау керек. Өміріңізге қатысты балағат, ауыр сөз айтып, жеке басыңызға өзге адам қол сұққанда, көбіне үнсіз қалып жататындарыңызды да білем.
Менің белгілі бір тұлғаларға қатысты шағымданғаным рас. Осы уақытқа дейін кейбір адамдар шындықтың түбіне жетпей жатып, асыра сілтеп, жарыса сөйлегендер саралаусыз балағаттап, қаралап, қарғап жатты.
Қандай бағдарлама жүргізсем де, оған қатысқан адамдардың жеке пікіріне байланысты, жалпы бағдарлама жайлы кез келгеннің ой қосуына, пікір білдіруіне, наразы болуына құқығы бар! Кімді қолдайсыз, кімді қолдамайсыз ол да сіздің өз еркіңіз, құқығыңыз! Бірақ, менің жеке басыма өтіп, адамның ар-ұжданына тиіп, намысын табалауына ешкімнің құқығы жоқ! Сол себепті, ендігі кезек сот процессінде" , - деген жазба қалдырды Ләйлә Сұлтанқызы.

Алайда, тележүргізуші нақты кімдермен соттасатынын желіде жазбаған. Олар үстерінен іс қозғалғалы жатқанын өздері-ақ айтып берді. Нұрболхан Шарапов пен Бибігүл Дәулетбек өз парақшаларында бұл ақпаратты растады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1813813-ljl-sltankyzy-tanymal-zilkes-pen-zurnalisti-sotka-berdi/

pixel