Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Төреғалидің болашақ күйеу баласы Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан жарыста чемпион атанды

Опубликовано:

Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан Бүкіләлемдік жекпе-жек ойындарында Ұлттық құрама мүшесі, еліміздің мақтанышы Дархан Нортаев алтыннан алқа тағып, ән ұранымызды асқақтатты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы Instagram желісіндегі qazaq_sports тобы жазды.

Төреғалидің қарындасы Фаризаның болашақ жары 62 келі салмақ дәрежесінде көрсеткен.

Дархан Нортаевтың ақтық сында Колумбиялық қарсыласын ауырту әдісімен жеңгенін кадрдан көруге болады.

Спортшының өзі де әлеуметтік желіде жарыс жайлы пікір білдірді.

"Кореяда "Бүкіләлемдік Жекпе-жек ойынында" Еліміздің көк туын желбіреттім! Қолдау көрсетіп, дұғада болған жандарға алғысымды білдіремін. Бұл - үлкен жеңістердің бастамасы деп білемін", - деді Дархан Нортаев.

Еске сала кетсек, сүйіктісі Фариза Төреәліге 22 шілде күні жақын достарының көзінше сөз салған. Алайда оқырмандары биыл ғана мектеп бітірген арудың тұрмысқа шыққалы жатқанын құп көрмеді.

Дегенмен Фариза Төрәлі өзін сынаған дүйім жұртқа жауап берді.

Желі қолданушылары Төреғалидің күйеу баласы джиу-джитсудан әлем чемпионы 22 жастағы Дархан Нортаев болуы мүмкін екенін жарыса жазған.

Кейінірек Төреғали Төреәлі болашақ күйеу баласымен атқа мініп жарысты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1813876-tregalidi-bolasak-kjeu-balasy-otstik-koreada-tip-zatkan-zarysta-cempion-atandy/

pixel