Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұл-қыздарын мектепке алып барған Қайрат Нұртасқа желі оқырмандары риза болды

Опубликовано:

Белгілі әнші Қайрат Нұртас 1 қыркүйек білім күнінде ұл-қыздарын оқу орнына алып барды. Cондай-ақ, әртіс мектеп оқушылары мен ұлағатты ұстаздардың, ата-аналардың алдында өнерін көрсетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әнші баларымен түскен суретін Instagram желісіндегі парақшасында көрсетіп, "Білім күні құтты болсын" деген жазба қалдырды.

Мұны көрген желі оқырмандары Қайрат Нұртастың әкелік қамқорлығына жоғары бағасын берді.

"Балаларыңызға үнемі уақыт тауып жүресің. Қайрат жарайсың", "Құтты болсын", "Балаларыңыз білімді болып өссін", "Ұл-қыздарыңыз білімді, тұғырлы, ғұмырлы болсын", деді олар.

Әншінің жары Жұлдыз Абдукаримова да барша қазақстандықтарды білім күнімен құттықтады.

"Биыл мен қайтадан 6 сыныпты, 5 сыныпты және 3 сыныпты оқимын. Сіздер ше? Қай сыныптан боласыздар?", - деді ол Instagram желісінде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1813888-l-kyzdaryn-mektepke-alyp-bargan-kajrat-nrtaska-zeli-okyrmandary-riza-boldy/

pixel