Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тамақ бер, қарным ашты": Ибрагимов пен "Калабок" әйелдеріне ән арнады

Опубликовано:

Белгілі әнші Серік Ибрагимов пен ел арасында "Калабок" есімді лақап атпен танылған әзілкеш Елдостың әйелдеріне арнап ән айтқан сәті әлеуметтік желіде тарады. Осыған байланысты желі қолданушылары әртіс пен жайдарманшының тапқырлығына, мейірімділігіне ризашылықтарын білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр
Видеодан кадр: Instagram

Жас жігіттердің гитарамен ән айтқан сәті әртістің Instagram желісіндегі парақшасында жарияланды.

Видеодан Серік Ибрагимовтың жарына ән арнағанын, "Елдос Калабок" лақап атымен танылған жайдарманшының да әншіден қалыспай сүйгеніне әзіл-өлең айтқанын байқауға болады.

Мұны көрген желі оқырмандары "Серік жарайсың", "Жарыңды қатты сыйлайтының көрініп тұр", "Серіктей арқа сүйер азаматы бар Айнамкөз қандай бақытты", "Бақытты болыңдар", "Бәрі де жарасымды", - деген сынды пікірлер қалдырды.

Арасында "Елдос калабоктың" әзілі өтімді болғанын жарыса жазғандар да болды.

"Калабок жарды", "Жүрген жерінде күлкіге көміп жүретін Елдос бауырым азамат"", "Керемет үйлесім", "Өтімді ән болды", "Күлкіден өлтірдің", - деді олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1814530-tamakty-ber-karnym-asty-ibragimov-pen-kalabok-jelderine-n-arnady/

pixel