Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Роза Әлқожа қазақша киіммен Дубайда кішкентай қыздың тұсауын кесті

Опубликовано:

Белгілі әнші Роза Әлқожа Біріккен Араб Әмірлігінде Алау есімді кішкентай қыз баланың тұсауын кесті. Дубай қаласындағы жергілікті мейрамханада өткен мерекелік кеште қазақтың домбырасы тартылып, дәстүрлері орындалған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/roza_alqozha
Фото: Instagram/roza_alqozha: Instagram

Бұл туралы әнші Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

Роза Әлқожа былтыр Семей қаласында Шырын мен Елдар есімді екі жасты үйлену тойында ортаға алып шыққанын жеткізді.

"Биыл Дубайға келіп, Алау деген құлыншақтың тұсауын кесіп жатырмыз. Тәуба. Алла ниеттеріңізді қабыл етсін, жандарым!" - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1814546-roza-lkoza-kazaksa-kiimmen-dubajda-kiskentaj-kyzdy-tsauyn-kesti/

pixel