Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Димашты "секс-символ" деп атаған Малахов көпшілік алдында кешірім сұрады (видео)

Опубликовано:

Ресейлік композитор Игорь Крутойдың мерейтойына арналған «Привет, Андрей!» бағдарламасының екінші эпизоды «Россия-1» телеарнасының YouTube каналында пайда болды. Ал бұл шығарылымда осы жолы көпшіліктің екі еке назарына ие болған қазақстандық әнші Димаш Құдайберген қонақ болды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

малахов
Скриншот: Видеодан алынған: UGC

Бағдарлама жүргізушісі Андрей Малахов қазақ орындаушысынан оны жаңа секс-символ ретінде таныстырғаны үшін кешірім сұрады.

"Менің Instagram парақшам көптеген хаттың астында қалды. "Оны осылай деп атауға қалай дәтіңіз барды? Ол біздің ұлттық мақтанышымыз, қайдағы секс-символ? Ол сіздерде Ресейде шығар..."деп жарыса жазды бәрі. Кешірім сұраймын", - деді тележүргізуші.

Сонымен қатар, ол өз сөзіне не себеп болғанын да атап өтті.

"Сол күні концертте саған қаншама құшақ-құшақ гүл сыйға тартылғанын және сенің әр түрлі жастағы адамдар арасында ажиотаж туғызғаныңды көріп, бірінші рет сондай құрметке куә болғандықтан таңғалдым. Кешір, Филипп...", - деген Малахов әзіл ретінде Киркоровтан да кешірім сұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1815186-dimasty-seks-simvol-dep-atagan-malahov-kpsilik-aldynda-kesirim-srady-video/