Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қызын іздемейді": Маржан Арапбаева бірінші күйеуі туралы бар шындықты айтты

Опубликовано:

Маржан Арапбаева бірінші некесі жайлы жан сырын ақтарды. Айтуынша, әншінің бұрынғы күйеуі туған қызымен хабарласпай, оны іздеуді қойған деп жазады "Қарақатпен шай" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Шоу-бизнес жұлдызының үлкен қызы алғашқы некесінде туған.

Алайда, бүгінде ол туған әкесінен гөрі анасының екінші жолдасының махаббатын көбірек сезінуде.

Арапбаеваның сөзінше, бірінші күйеуі қызымен байланысын үзген.

"Үлкен қызымның әкесі бөлек. Ол кісі баласының өміріне мүлдем ешқандай көмек көрсетіп, атсалыспайды. Хабарласпайды, іздемейді, сұрамайды.

Жоқ, мен ондай бөгет жасап, алдына кедергі болған емеспін. Қызым, әрине көргісі келеді. Оған өзі хабарласып, іздеген күндер де болды.

Мүмкін "қыздың жүрегін ауыртпай-ақ қояйын, өзім де уайымдаймын ғой" деп арақашықтық сақтағысы келетін болар. Ол жағын мен кішкене түсінбедім" , - деп ағынан жарылды әнші.

Маржан күйеуімен ажырасқаннан кейін бастапқыда қызы мен әкесі жиі кездесіп тұрғанын айтты.

Оған қоса, Арапбаеваның бұрынғы жолдасы ешқандай алимент төлемейтін болып шықты. Одан ақша алудан әншінің өзі бас тартқан.

  • Шоу-бизнес жұлдызының бірінші жұбайымен ажырасып кеткеніне тоғыз жылдай уақыт өтіп кеткен.

Эстрада жұлдызы үлкен қызының қазіргі жолдасымен жақсы тіл табысып алғанын да айтып өтті.

"Ол әйел заты үшін үлкен бақыт қой. Екінші рет тұрмыс құрып жатырсың. "Тұңғышыңды қоя тұршы" деп өгейшілігін білдіріп жатса, ондай адаммен тұрмас едім.
Себебі, мен үшін бірінші мәселе - балаларымның көңілі. Мен өз бақытын ғана ойлайтын аналар қатарында емеспін. Сондықтан Ерекеңе көңіл аударған бірден-бір себебім - оның қарым-қатынасы" , - деді өнер иесі.

Маржан Арапбаева бірінші некесінің шайқалуына не түрткі болғанын да жасырмады.

"Мен өзімді сондай мінсіз әйел болдым деп те айта алмаймын. Менен де қателіктер болды. Өте көп қателік болды. Оны мойындаймын.

Ажырасуымызға бір ғана себеп болды деп айта алмаймын. Екеуміздің мінезіміз келіспеді деп ойлаймын. Бірге алты жыл тұрдық.

Ашу үстінде бірге тұрмаймыз деген сөз екеумізден де болды. Алайда, нақты сол пікірімде тұрған мен болдым. Қорқыныш болды.

Өнерімді қатты қолдады ғой. Соның арқасында дайын нәрсеге келетінмін. Концерттерім, киген киіміме дейін өзі қадағалады.

Ол жағынан жағдайымның барлығын жасады. Әрі қарай не болады деп алаңдадым. Құлап кетсем, қызымды қалай асыраймын деп ойладым" , - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1815614-kyzyn-izdemejdi-marzan-arapbaeva-birinsi-kjeui-turaly-bar-syndykty-ajtty/

pixel