"Ауылдың қызы": Белгілі дизайнер Жадо күйеуіне тоқал алып бергенін жайып салды
Жарияланған күні:
Танымал отандық дизайнер Жадыра Сахиева жолдасына өзі тоқал алып бергенін айтты. Ел арасында Жадо лақап атымен танылған сән саласының өкілі күйеуіне екінші жарды арнайы іздеп тауып, одан туған егіз қызға өзі кіндік шеше болғанын жеткізді деп жазады "Еуразия бірінші" арнасының "Бір сұрақ" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Жадоның айтуынша, жұбаймен шетелге қоныс аударғысы келмегендіктен оған тоқал алып беруді жөн көрген.
Сондай-ақ, дизайнер жолдасының екінші әйелі міндетті түрде қазақ ұлтынан болғанын қалаған.
"Менің азаматым Ресейде жұмыс істейді. Шамамен, 15 жыл болып қалды. Мен өзім шет мемлекетке бара алмадым. "Неге ол өзге ұлт қызына үйленеді? Неге басқа жатырға қарап кетуі керек?" деген ой болды. Орыс болса, балалары орыс болып кетеді ғой.
Сол себепті, өзім барып, ауылдың мықты қызын алып бердім. Менен 15 жас кіші. Қазір құдайға шүкір егіз қыздары бар. Олардың кіндік шешесімін. Өзім апарып үйлендірдім. Сол қазір менің жолдасымның қасында жүр. Шүкір Аллаға" , - дейді Жадыра Сахиева.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1816046-auyldy-kyzy-belgili-dizajner-zado-kjeuine-tokal-alyp-bergenin-zajyp-saldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.