"Періштедей": Той көйлегін киген Жолдыбаева елді қызықтырып қойды (видео)
Опубликовано:
Отандық эстраданың жұлдызы Алтынай Жолдыбаева Instagram парақшасына той көйлегімен түскен суретін жүктеп, елді ойландырып қойды. Жұрттың бірі әншіге бақыт тілесе, екіншісі көйлекке оң бағасын берген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Дыбыссыз бейнежазбадан әншінің сөйлеп жатқанын аңғаруға болады.
Әдетте сынның астында қалатын Жолдыбаева бұл жолы жақсы пікірлерге "көміліп" қалды. Көпшілік той көйлегі әнші аруға жақсы жарасатынын айтып, ойларымен бөлісті.
"Той көйлегі қатты жарасады", "Періштедей", "Неткен нәзік", "Әдемісіз", "Қуыршақ", "Құттықтаймын, бақытты болыңыз", "Уау, әдемісіз", "Күшті жарасады", "Құттықтаймын" деп жазды олар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1816277-peristedej-toj-kjlegin-kigen-zoldybaeva-eldi-kyzyktyryp-kojdy-video/