Отандық жұлдыздар жаппай Жанар Хамитовамен қоштасып жатыр

Опубликовано:

Отандық шоу-бизнес өкілдері марқұм әріптесі Жанар Хамитованың отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтып, оған қатысты естеліктерімен бөлісуде деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Twitter

Араға 11 жыл салып, сахнаға қайта оралған Хамитовамен дуэт айтып үлгерген Рысбек Аташ Instagram желісінде оған деген сағынышын жеткізді.

"Жаным досым. Жаның жәннәтта болсын. Сағынамыз. Қайғырып көңіл айтамыз" , - деп жазды ол.

"Жанар Хамитова дүниеден өтті деген суық xабар естідік. Ақпаратты достары растады. Алла мейіріміне бөлесін. Жақындары мен туыстарына көңіл айтамыз. Өмір тым қысқа" , - деп жазды Асхат Садырбай өзінің Instagram парақшасында.

Көпшілікпен қайғыра көңіл айтқан Индира Расылхан Хамитованың сағат қаншада қайтыс болғанын жария етті.

"Қайғылы оқиға, жанымызға батарлық жағдай болды бұл. Теңертен сағат 9-00 шамасында өз туған жерінде Жанар Хамитова көз жұмды. Жақындарына қайғыра көңіл айтамын. Алла алдынан жарылқасын. Тағдырдың сынағына шыдай алмаған бейбақ сіңілім-ай. Өмірдің ғажаптығын білмей кеттің ау?! Өкінгенмен не шара? Жаның қиындық көрмесін" , - деді Расылхан.

Жанар Хамитованың өліміне қатысты көңіл білдірген әртістер қатарында Ерболат Құдайберген, Ғани мен Бота, Алуа Қонарова және т.б бар.

Айта кетейік, 16-шы қыркүйекте Жанар Хамитованың көз жұмғаны хабарланды.

Қаралы хабарды жұлдызбен бірнеше рет дуэт айтқан Әбубәкір есімді әнші жігіт жеткізді.

Сиви Махмуди алғашқылардың бірі болып, марқұм әншінің отбасына көңіл айтты.

Кейін Қарағанды облыстық Полиция департаменті Жанар Хамитованың өліміне қатысты пікір білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1816818-otandyk-zldyzdar-zappaj-zanar-hamitovamen-kostasyp-zatyr/