Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ортақ достарымыз куә": Жанар Хамитова Нұржан Керменбаевтан кешірім сұраған

Опубликовано:

Әнші Нұржан Керменбаев марқұм Жанар Хамитованың өліміне қатысты пікір білдіріп, "қарыз" дауы туралы қаңқу сөзге жауап берді. Өнер иесі әріптесінің өзінен кешірім сұрағанын да мәлімдеді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Коллаж: NUR.KZ
Коллаж: NUR.KZ: Instagram

Суыт хабардан хабардар екенін айтқан Нұржан Керменбаев өзінің Instagram парақшасында арнайы жазба қалдырды.

"Суық хабарды естіп жатырмыз. Иманды болғай. Артық әңгіме айтып, отбасыма тіл тигізбеулеріңізді сұраймын. Кезінде "Арнау" дуэтінің экс-солисті болғандықтан да маған көптеген смс, хаттар жолдануда.

Сондықтан қоғамның алдында өз ойымды жазуды жөн көрдім. Нұржан сен ақша қарызсың, қайтар деп сайраңдап жүргендерге айтарым: бос сөз сөйлеп, өз бастарыңызға күнә жинамай-ақ қойыңыздар. Себебі Жанар екеуіміздің ортақ достарымыз бар. Сол кісілер арқылы Жанар менен кешірім сұрағаны бар.

Мен Нұржанға жала жаптым, кешірім сұрашы менің атымнан деген еді. Қазіргі таңда мода болып кеткен хайп үшін айтқанын жеткізді. Сол ортақ достарымыз куә", - деді әнші.

Ол сондай-ақ марқұмға реніші жоқ екенін де атап өтті.

"Жанарға ренішім жоқ. Сондықтан кешірудің де орны жоқ деген болатынмын. Бос сөзге әуре болғанша өз өміріміздің де соңы бар екенін ұмытпайық. Бір-бірімізге жала жауып, ғайбат айтып, күнә жинағанша, өз өміріміздің де дәм-тұзы таусылатынын ұмытпайық ағайын", - деп түйіндеді Керменбаев.

Желі қолданушылары әншінің жазбасына қатысты түрлі пікір қалдырып жатыр. Олардың бірі "Көзі тірісінде неге жазбадыңыз?", "Сол кезде айтуыңыз керек еді" деп сынаса, енді бірі "Иманды болсын", "Бәрімізе ауыр тиді", "Жатқан жері жайлы болсын" деп көңіл айтқан.

Айта кетейік, 16-шы қыркүйекте Жанар Хамитованың көз жұмғаны хабарланды.

Қаралы хабарды жұлдызбен бірнеше рет дуэт айтқан Әбубәкір есімді әнші жігіт жеткізді.

Сиви Махмуди алғашқылардың бірі болып, марқұм әншінің отбасына көңіл айтты.

Кейін Қарағанды облыстық Полиция департаменті Жанар Хамитованың өліміне қатысты пікір білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1816843-ortak-dostarymyz-ku-zanar-hamitova-nrzan-kermenbaevtan-kesirim-sragan/

pixel