Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сахнаға ән айтып шыққан танымал әзілкеш ару желіде қызу талқыға түсті (видео)

Опубликовано:

Жуырда Qazaqstan ұлттық арнасында бастау алған "Екі жұлдыз" бағдарламасында тек әншілер ғана емес, басқа салада жүрген мамандар да бақ сынауда. Олардың қатарында өз өнерін жұртқа паш етуден аянып қалмаған әзілкеш Мереке Бауыржанқызы да бар деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр: Twitter

Мереке "Таңғы қала" әнін эстрада жұлдызы Жігер Ауыпбаевпен бірге орындаған. Ол ән стиліне сай киім таңдап, шаш үлгісін де солай өзгерткен. Дегенмен, додаға ерекше дайындалып келген әзілкеш бірінің көңілінен шығып, екіншісіне мүлде жақпай қалды.

"Талтайып тұр ма сахнада?", "Ән айтпай-ақ қойыңызшы", "Ұнамайды", "Дауыс жоқ, қиналып тұр" деді актрисаның өнерін ұнатпағандар.

Ал әзілкештің ән салғанына қайран қалған жандар оны бірден қолдап шыға келді.

"Мәссаған", "Жарайсың, Мереке", "Бәрекелді", "Ұнады, әдемі айтты", "Өнерің үстем болсын" деп жазды олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1818627-sahnada-n-syrkagan-tanymal-zilkes-aru-zelide-kyzu-talkyga-tsti-video/

pixel