Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қара пакеттен "пачкілеп" ақша шығарған Өмірқұл Айниязов талқыға түсті (видео)

Опубликовано:

Әлеуметтік желіде бірнеше бума ақшаны қара түсті пакеттен алып шығып, көпшілікке көрсеткен Өмірқұл Айниязов желіні шулатты. Әншінің тыңдармандары өнер иесін қарапайым болуға шақырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр
Видеодан кадр: Instagram

Дәстүрлі әнші Instagram желісіндегі парақшасында видео жариялап, "Қара айғырға өкпе жоқ. Келесі иесіне құт болсын", - деген жазба қалдырды.

Кадрдан Айниязовтың көлікті сатып, содан түскен ақшаны көпшілікке көрсеткенін аңғаруға болады.

Бұны көрген желі оқырмандары "Қылығыңыз ерсі көрінді", "Мақтаншақ", "Мынауыңыз енді тым артық, салмай-ақ қоймадыңыз ба, қара су мен қара нанға зар болып жүргендер көп", "Осылай ақша көрсетушілік ұнамайды", - деген сынды пікірлерін қалдырды.

Желі қолданушылары арасында әншіге басқа көлік алуын тілеп, құттықтағандар да көп болды.

"Құтты болсын, аға", "Көлік иесіне құт болсын", "Сіз бұдан да жақсы көлік алыңыз", "Сізге жарасады", - деді олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1818736-kara-paketten-packilep-aksa-sygargan-mirkl-ajniazov-talkyga-tsti/

pixel