Қайрат Әділгерейдің 16 жастағы бозбала кезі көпшілікті сүйсіндірді (фото)
Опубликовано:
Белгілі әзілкеш, "Түнгі студия" бағдарламасының жүргізушісі Қайрат Әділгерей желіге 16 жасындағы суретін жүктеп, қызу талқыға түсті. Желі қолданушылары оның бүгінге дейін көп өзгерменін айтқан деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Өзінің Instagram парақшасына суретін жүктеген актер қысқа ғана жазба қалдырған.
"16 жасымда Алматыға арман қуып абитуриент болып келген кезім...", - деп жазған ол.
Желі қолданушылары Қайрат Әділгерейдің бала күнгі суретіне тәнті болған.
"Жап-жассыз", "Жалындаған жастыққа шаққа не жетсін, бірақ түк өзгермегенсіз", "Сүйкімді бала Қайрат", "Әлі күнге дейін сол қалыптасыз", - деген сынды пікірлер жазылуда.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1818764-kajrat-dilgerejdi-16-zastagy-bozbala-kezi-kpsilikti-sjsindirdi-foto/